Әйелдер денсаулығы және гигиенасы

Безеу: проблема және шешім

1,6 мин. Оқу
Безеу: проблема және шешім

Безеу деген сөздің өзі қорқынышты естіледі. Ал стресс кезінде безеу жаңадан пайда болған кезде біз сияқты қыздар ойланбай әрекет етеміз.

Теріге күтім жасау кезіндегі себептер мен қателіктерге тоқталайық.

Дұрыс тазартпау

Құралдарды дұрыс таңдамау және теріні дұрыс тазартпау тері тесігінің бітелуіне және жаңа безеулердің шығуына әкелуі мүмкін.

Аксессуарлардың тазалығы

Егер макияж жасағанды ұнататын болсаңыз, қылқаламдар мен спонждарды пайдаланатыныңыз анық. Оларды күн сайын тазалап отыруға тырысыңыз, өйткені құралдарда қалған микробтар жаңа безеулерді тудыруы мүмкін.

Өмір салты

Өзіңізге мұқият болыңыз. Тамақтану мен ұйқыны ғана емес, сонымен қатар косметолог-дерматологқа профилактикалық мақсаттарда баруды ұмытпаңыз. Бұл беттегі бірқатар салдардан қорғайды.

Жиі стресс алу, ұйқының қанбауы

Эмоционалды күйзеліс кезінде немесе ұйқының бұзылуы аясында бүйрек үсті бездері өндіретін стресс гормоны кортизол да май бездерінің жұмысын белсендіреді, ал олар өз кезегінде, жаңа безеулерді тудырады.

Сусыздандыру

Судың жетіспеушілігі зат алмасуға кедергі келтіреді және организмнің өзін-өзі реттеу қабілетін төмендетеді, сондықтан дене артық майды шығарады. Мұның бәрі жақсы нәрсеге әкелмейтінін білдіңіз.

Қорытынды

Безеуден қалай арылуға болады?» деген сұраққа тамақтану мен ұйқыны қалпына келтірумен қатар, мамандар кешенді сұлулық режимін сақтауды ұсынады. Ол теріні ластанудың барлық түрлерінен терең тазартуды, сондай-ақ май бездерінің жұмысын реттейтін, май өндіруді оңтайландыратын және болашақта кемшіліктердің пайда болуына жол бермейтін түзету күтімін қамтиды.

Мұны тек косметолог жеке тексеріп қарау арқылы таңдап бере алады.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.