Психология және қарым-қатынас

Буллинг: оның құрбаны болмау үшін не істеу керек?

1,5 мин. Оқу
Буллинг: оның құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Буллингтің салдарынан өзіңізді барар жер, басар тау қалмағандай сезінесіз.

Өзіңізге, бойыңыздағы қасиеттерге, өзіңіз туралы пікірге күмәндана бастайсыз. Осы маңызды тақырыпты талқылап көрейік.

Буллинг анықтамасы

Бұл сөзге анықтама беретін болсақ, буллинг — бұл бір адамның немесе агрессорлар тобының жәбірленушіге үнемі психологиялық қысым жасауы, ол әдетте жабық әлеуметтік топ жағдайында өтеді. Мынаны есте сақтаған жөн, буллинг көбіне қасақана жағымсыз сипатқа ие және агрессор мен құрбанның арасындағы күштің тең еместігімен ерекшеленеді.

Бірақ буллинг – оған ұшыраған жандар туралы емес, қашанда оны жасаған адамдарға қатысты қолданылады. Ізге түсудің жүздеген себебі болуы мүмкін, бірақ себебі қашанда жанжалқойдың өзінде болады. Сіз шынымен бақытты болған және ештеңеге алаңдамаған кез келген сәтіңізді есіңізге түсіріңіз.

Өзіңізбен байланыста болыңыз

Сонда сіз біреуді ренжітіп, сөзбен біреуді шағып алғыңыз келді ме? Әрине, жоқ. Бақытты және толыққанды адамдар кімнің қалай киінетініне , нені және кімді жақсы көретініне басын ауыртпайды.

Сондықтан қандай жағдай болса да, өзіне сенімсіз адамдардың бір-екі болмашы сөзіне бола, өзіңізді тастап жіберудің қажеті жоқ. Олар айтады, айтқан жерінде ол сөз ұмытылады, ал сіз тығырыққа тіреліп, уайымдауыңыз мүмкін.

Өзіңізге қатысты айтылған қорлау сөздерін қабылдамауды үйреніңіз. Сірә, бұл белгілі бір адамның немесе адамдар тобының ""ауруы"" шығар.

Жағдайдың немесе басқа адамдардың ықпалына түспей, қашанда ішкі жан-дүниеңізге құлақ асқан маңызды.

Егер кез келген қудалауға тап болсаңыз – үнсіз қалмаңыз. Жақын адамдардан көмек сұраңыз, олармен сөйлесіңіз. Олар не істеу керектігін айтады және қолдайды.

Ең бастысы – ешқашан жалғыз қалып, уайымдамаңыз.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.