Жиі қойылатын сұрақтар

Етеккір туралы

Менструация туралы жиі қойылатын сұрақтар

Етеккір кезінде қанша қан кетеді?

Орташа алғанда, әр қыз бір циклда 75 мл-ден 125 мл-ге дейін қан жоғалтады - бұл 3-5 ас қасық.

Неліктен етеккір ай сайын сол бір күнде басталмайды? Бұған алаңдауым керек пе?

Жоқ, алаңдаудың қажеті жоқ! Етеккірдің ай сайын бір уақытта келмеуі қалыпты жағдай болып табылады. Себебі етеккір циклдік түрде жүреді – цикл айлар бойынша емес, етеккірдің басталуының бірінші күнінен келесі етеккірдің басталуының бірінші күніне дейін созылады. Орташа цикл шамамен 28 күнді құрайды, бірақ әр цикл әр түрлі болғандықтан және гормондарға, эмоцияларға, сіздің жеке денсаулығыңызға және өмір салтыңызға байланысты – ол қысқа (21 күн) немесе ұзағырақ (кейде 90 күнге дейін) болуы мүмкін.

Менде бір айда екі рет етеккір келді – бұл қалыпты ма?

Егер бірінші етеккір айдың басында болса, ал екіншісі соңына қарай болса, бұл сіздің циклыңыз қысқа екенін білдіреді. Әдетте, етеккірдің алғашқы бірнеше жылында қыздың циклі тұрақсыз– біреуде ол ұзағырақ, біреуде сіз сияқты қысқа болады. Циклдің ұзақтығы «овуляцияның» болуы немесе жетілу уақытына байланысты. Сондықтан мұның бәрі қалыпты жағдай және алаңдайтын ештеңе жоқ!

Неліктен қыздардың етеккірі келеді?

Қыздар ЕРЕКШЕ болғандықтан оларда етеккір келеді! Етеккір - бұл ауру емес, әр әйелдің денесінде ай сайын болатын табиғи процесс. Алғашқы етеккірдің келуі сіздің сау екеніңізді, овуляция болатынын және болашақта балалы бола алатындығыңызды білдіреді.

Мен әдетте «етеккір» бір айдан кейін келеді – бұл қалыпты жағдай ма? Бұл немен байланысты?

Қорықпаңыз, сіздің цикліңіз ұзақ болуы мүмкін – бұл қалыпты жағдай! Кейде сіздің өміріңіздегі оқиғалар «овуляцияның» болуын және жұмыртқаның жетілуін кешіктіруі мүмкін.

Овуляцияның кідіруі мүмкін себептері:

Стресс

Үлкен физикалық жүктеме.

Экстремалды диета (анорексия)

Эмоционалды бұзылыс.

Етеккір қай жаста басталады?

Әр кімде әртүрлі және әр қыздың етеккірі денесі жетілген кезде басталады (орташа алғанда 8 жастан 18 жасқа дейін). Көп нәрсе біздің өмір салтымызға және генетикалық бейімділігімізге байланысты.

Қызықты факт: етеккірі ертерек басталатын қыздарда – 50 жастан кейін тоқтайды. Етеккірі кейінірек басталатын қыздарда - кейде шамамен 40 жаста да тоқтайды!

Егер етеккір алғаш рет басталса, не істеуім керек?

Дүрлікпеңіз! Ең алдымен, төсемені пайдаланыңыз. Оны кем дегенде 4 сағат сайын ауыстырып отырыңыз. Қолданылған төсемені дәретхана қағазымен немесе өзінің орамымен ораңыз. Күнді ештеңе болмағандай жалғастыра беріңіз!

Егер етеккір 3 аптадан астам уақытқа созылса, бұл қалыпты жағдай ма?

Жоқ. Бұл қалыпты етеккірге қарағанда ұзаққа созылатын қан кету болып саналады. Дереу дәрігерге қаралуды ұсынамыз.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.