Бәрі етеккір туралы

Етеккір туралы білуіңіз керек ақпарат

1,6 мин. Оқу
Етеккір туралы білуіңіз керек ақпарат

Жыныстық жетілу кезеңі өткеннен кейін сіздің етеккіріңіз басталады, бұл кезең етеккір басталғанға дейін шамамен 2 жылға созылады. Осы уақыт ішінде денеңіз жас әйелдің денесіне айналады. Кеудеңіз бен жамбасыңыз өседі, қасағаңызда түктер пайда болады, бойыңыз өседі, безеулер пайда болады. Сол кезде ішкиіміңізден ақ дақтарды байқайсыз. Бұл қынабыңызда болып жатқан өзгерістерді білдіреді. Ішкиіміңізден қоңыр шырышты байқасаңыз, бұл алғашқы етеккіріңіз келетін кездің жақындап қалғанын білдіретін белгі.

Егер етеккіріңіз басталса

Егер етеккіріңіз басталса немесе ол жайында анаңыздан немесе құрбыларыңыздан естісеңіз, әрбір қыз бала тап болатын жағымсыз жағдайлар туындауы мүмкін.

Етеккір кезінде болатын жайсыздыққа үйрену үшін біраз уақыт керек.

Етеккір кезіндегі жағымсыз белгілер:

- Ауырсыну

- Жүрек айну

- Тітіркену сезімі

- Іш өту немесе нәжістің жұмсақ болуы

- Цистит белгілері

- «Қан кетудің» қолайсыздығы

- Кеуденің ауруы

- Көңіл-күйдің өзгеруі

- Көңілсіздік

Есейе келе

Есейе келе бұл белгілердің әрқайсысымен күресудің өзіндік жолдарын үйренесіз. Көптеген қыздар бір-бірімен етеккір кезінде не істеу керектігін талқылайды, осылайша өздері үшін қандай іс-әрекеттердің жақсы екенін біледі.

Етеккір басталғаннан кейін гормондар қайтадан қанға айнала бастайды да, жағымсыз белгілер азаяды.

Бұл белгілердің бәрі толығымен қалыпты, сондықтан алаңдамаңыз. Кейбір қыздар үшін бұл өте ауыр. Егер бұл белгілерді байқамасаңыз, жолым болды деп есептеңіз! Бірақ бұл белгілер қиындық тудырса, ұзаққа созылса және жағымсыз салдарға әкелсе, бұл жайлы анаңызбен, мұғаліміңізбен, отбасы мүшесімен немесе жақын құрбыңызбен сөйлесіп, дәрігерге қаралыңыз.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.