Жиі қойылатын сұрақтар

Етеккір кезінде

Менструация кезінде жиі қойылатын сұрақтар

Мен етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсе аламын ба?

Жыныстық қатынасқа түсу немесе түспеу – бұл әркімнің жеке ісі.

Егер сіз және сіздің партнеріңізге ыңғайлы болса, неге болмасқа.

Бірақ ескертетін бірқатар ілеспе тәуекелдер бар.

Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсу:

Жоспарланбаған жүкті болу қаупін тудырады (егер сақтанбаса).

Қынаптың қанды (және бактериялардың дамуына өте қолайлы) ортасына байланысты жыныстық жолмен берілетін бірнеше инфекциялардың ену қаупін тудырады.

Етеккір кезінде жүзуге болады ма?

Әрине, сіз етеккір кезінде жүзе аласыз! Тек бассейнге немесе тоғанға түсер алдында төсемені емес, тампонды пайдаланыңыз!

Мен етеккір кезінде ұлдардың қасында бола аламын ба?

Әрине! Сіз оларға айтпайынша, ұлдар сіздің етеккіріңіз келгенін білмейді.

Егер мен етеккір басталғанға дейін бірнеше күн бұрын қорғансыз жыныстық қатынасқа түссем не болады (үзілген жыныстық қатынас әдісі)?

«Контрацепция» деп аталатын бұл әдіс қауіпсіз емес, өйткені сперматозоидтардың кішкентай құйрықтары болады, сондықтан олар жыныстық қатынастан кейін де қынапқа өте алады. Сонымен қатар, қорғансыз жыныстық қатынас сізді жыныстық жолмен берілетін 35-тен астам инфекциядан қорғамайды. Олай жасауға кеңес бермейміз!

Мен етеккір кезінде спортпен айналыса аламын ба?

Әрине, сіз етеккір кезінде спортпен айналыса аласыз. Сонымен қатар, физикалық белсенділік етеккір кезіндегі ауырсынуды азайтады. Ал тампондар бұл процесті әлдеқайда жеңілдетеді және ыңғайлы етеді.

Етеккір кезінде сүт өнімдері мен жұмыртқа жеуге болады ма?

Иә, етеккір кезінде денсаулыққа пайдалы барлық нәрсені жеуге болады.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.