Әйелдер денсаулығы және гигиенасы

Теріні ылғалдандыру туралы

1,4 мин. Оқу
Теріні ылғалдандыру туралы

Терінің сыртқы түрі организмнің жай-күйінен хабар береді. Сондықтан теріні сыртынан ғана емес, ішінен де ылғалдандыру керек. Өйткені терінің ылғалдылығы мен саулығы құрамында косметика құралдары бар заттарға ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салтына да байланысты». Төменде сыртқы түріңіздің керемет болып көрінуіне көмектесетін бірнеше ұсыныс бар, олай болса, олар өзіңізді керемет сезінуге де әсер етеді.

Ұсыныстар

  1. Су теңгерімін ұмытпаңыз және жеткілікті мөлшерде су ішіңіз. Орташа алғанда, күніне 1,5-2 литр су ішу керек. Есіңізде болсын, кофе мен шай денені сусыздандырады — сұйықтықтың жоғалуын бір стақан таза сумен толтырыңыз.
  2. Тері таза әрі сау болу үшін тәулігіне кемінде 7-9 сағат ұйықтаңыз. Ұйқы жеткіліксіз болған кезде организм стресс гормоны кортизолды өндіреді екен, бұл сусыздандыруға әкеледі. Нәтижесінде терінің серпімділігі мен шымырлығы төмендейді.
  3. Тағам құрамында міндетті түрде өсімдік майлары болуы керек. Пайдалы майлардың, қышқылдардың және Е дәруменінің арқасында олар терінің сапалы ылғалдануына ықпал етеді. Көк шай. Оның детокс қасиеті терінің таза болуына және тартылып тұруына көмектеседі. Авокадо. Теріні жұмсартатын және ылғалдандыратын пайдалы майларға бай. Арқанбалық. Май қышқылдары терінің серпімділігі мен шымырлығын арттырады.
  4. Ал дұрыс таңдалған тері күтіміне қатысты косметологпен кеңесуді ұсынамыз. Себебі теріңіздің түріне байланысты сізге кремдер мен сарысулардың жеке жиынтығы қажет болады.
Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.