Әйелдер денсаулығы және гигиенасы

Пайдалы десерттердің рецептілері

1,5 мин. Оқу
Poleznye-deserty

Әрбір қыз өмірінде кем дегенде бір рет болсын «тәтті бірдеңе жегім келіп тұр» деп айтады. Етеккір кезінде организмдегі темір деңгейінің күрт төмендеуі байқалады, сондықтан зиянды бір нәрсе жеуге деген құштарлық пайда болады: біреулер фастфудты қаласа, кейбіреулер тәтті жегілері келеді.

Бірақ біз денсаулыққа зиян келтірмейтін әрі ішкі құштарлықты қанағаттандыратын пайдалы балама ұсынамыз.

Жидектер қосылған ірімшік пирогы


Ингредиенттері:

  • Сүзбе 300 г
  • Жидек 200 г
  • Жұмыртқа 1 дана.
  • Ұнтақ жарма 2 ас қасық
  • Сода 0,5 шай қасық
  • Қаймақ 1 ас қасық
  • Дәміне қарай бал

Шұңғыл ыдысқа сүзбе, ұнтақ жарма, жұмыртқа, соданы араластырыңыз. Жуылған жидектерді салыңыз. Сүзбе массасын пісіруге арналған қалыпқа салыңыз. Духовканы 180 градусқа дейін қыздырып, 30 минут пісіріңіз.

Алма крамблы.


Ингредиенттері:

  • 0,5 стақан сұлы үлпектері
  • Бір уыс кептірілген бадам
  • 1-2 ас қасық агава балшырыны (немесе қант қосылмаған басқа шәрбат)
  • 2 үлкен алма
  • лимон шырыны
  • даршын
  • қантсыз йогурт

Сұлыны блендермен үгіту керек, ал бадамды жапырақша түріне дейін ұсақтау керек. Агава балшырынын қосыңыз. Алманы тілімдеп кесіп, пісіруге арналған қалыпқа салып, лимон шырынын құйып, даршын себіңіз. Бетіне сұлы үгіндісін, бадам жапырақшаларын сеуіп, крамблды 200 °C температурада 30 минут пісіріңіз. Дастарқанға йогуртпен қоюға болады.

Қосымша

Жалпы, суфле, сұлы немесе сүзбе печеньесіне, алма штруделіне және жидектерге назар аударыңыз. Зімбір шайы десертпен керемет ішілмек. Өйткені зімбір бұлшықет, іш және арқадағы ауырсынуды басады.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.